Пациент жадынамасы

Пациент жадынамасы

 

  1. ЖАДЫНАМА

Құрметті емделушілер!

Сіз денсаулықты қалпына келтіру үшін біздің орталыққа хабарласасыз. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін ҚРО әкімшілігі біздің емдеу мекемесінде қабылданған ережелерді сақтауды сұрайды:

Науқастарды емдеуге жатқызуға қабылдау жұмыс күндері жүзеге асырылады.

Біздің орталыққа келіп түскен кезде өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді, амбулаторлық картадан үзінді көшірмені, дәретханалық керек-жарақтарды, ауысымды аяқ киімді, қосымша таза іш киімді ала келуді ұмытпаңыз.

Бөлімшеде жеке заттарын, бағалы заттарын, құжаттарын, ақшаларын тапсыру (немесе туыстарына беру) қажет. Егер сіз мұны жасамасаңыз, әкімшілік жеке заттар мен құндылықтар, құжаттар үшін жауап бермейді!

Жақындарыңыз бен туыстарыңызды бөлімшедегі келу тәртібі мен жүріс-тұрыс ережелері туралы таныстырыңыз.

Емдеуші дәрігердің тегін, атын, әкесінің атын білу ұсынылады, онымен сіз және сіздің туыстарыңыз әрі қарай сөйлесетін болады.

II. ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

91-бап. (ҚР Денсаулық сақтау жүйесі және денсаулық туралы Кодексі. 2009 жылғы қыркүйек (29.10.2015 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен)

Осы Кодекстің 88-бабында көрсетілген құқықтардан басқа пациент мынадай құқықтарға ие::

1) диагностика, емдеу және күтім жасау процесінде өзіне лайықты ілтипат білдіру, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрметпен қарау;

2) қандай да бір кемсітушілік факторларының ықпалынсыз, тек қана медициналық өлшемшарттар негізінде айқындалатын кезектілікпен медициналық көмек алуға құқығы бар;

3) дәрігерді немесе медициналық ұйымды, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ұйымдарында қызметін жүзеге асыратын шетелдік дәрігерді таңдауға, ауыстыруға құқылы;

Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты қараңыз.

Тармақ ҚР 06.04.15 № 299-V Заңына сәйкес 3-1-тармақшамен толықтырылды

3-1) медициналық ұйымда аудио- (немесе) бейнебақылау және жазба жүргізілетіні туралы құлақтандыру;

4) отбасы, туыстары мен достары, сондай-ақ діни бірлестіктер қызметшілерінің тарапынан қолдау көрсетілуге тиіс;

5) медициналық технологиялардың қазіргі деңгейі қандай мүмкіндік берсе, сондай шамада азап шегуді жеңілдету;

6) өзінің денсаулық жағдайы туралы тәуелсіз пікір алу және консилиум өткізу;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтар жатады.

Пациенттің өз құқықтары мен міндеттері, көрсетілетін қызметтер, ақылы қызметтердің құны туралы, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібі туралы ақпарат алуға құқығы бар. Пациенттің құқықтары туралы ақпарат медициналық ұйымдардың көрнекі үгіттеу орындарында орналастырылуы тиіс.

Медициналық ұйымға түскен кезде пациентке өзіне медициналық қызметтер көрсететін адамдардың аты-жөні мен кәсіптік мәртебесі туралы, сондай-ақ медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидалары туралы мәліметтер берілуіе тиіс.

3-тармақ 06.04.15 ж. № 299-V ҚР Заңдарына сәйкес мазмұндалған (ескі ред. қараңыз)

Медициналық көмек хабардар етілген пациенттің ерікті түрдегі ауызша немесе жазбаша келісімі алынғаннан кейін көрсетілуге тиіс. Инвазиялық араласулар кезінде пациенттің жазбаша ерікті келісімі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалады.

Пациенттің медициналық көмек алу кезінде ұсынылатын және баламалы емдеу әдістерінің ықтимал қатері мен артықшылықтары туралы деректерді, емделуден бас тартудың ықтимал салдарлары туралы мәліметтерді, емделуші үшін қолжетімді нысандағы диагнозы, емдік іс-шаралардың болжамы мен жоспары туралы ақпаратты қоса алғанда, өз денсаулығының жай-күйі туралы толық ақпарат алуға, сондай-ақ оны үйіне шығару немесе басқа медициналық ұйымға ауыстыру себептерін түсіндіруін талап етуге құқығы бар.

Пациент өзінің денсаулық жағдайы туралы ақпаратты хабарлау қажет адамды тағайындай алады. Пациенттің ақпарат алудан бас тартуы жазбаша ресімделеді және медициналық құжаттамаға енгізіледі.

Егер медициналық ақпаратты беру пациентке пайда әкеліп қана қоймай, оған елеулі зиян келтіреді деп пайымдауға дәлелді негіздер болған жағдайларда ғана ақпарат пациенттен жасырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда бұл ақпарат пациенттің жұбайына (зайыбына), оның жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне хабарланады.

Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалық базалары жағдайында медициналық көмек алатын пациенттердің оқу процесіне қатысудан, сондай-ақ емдеу-диагностикалық рәсімдерді жүргізу кезінде үшінші тұлғалардың қатысуынан бас тартуға құқығы бар.

Пациенттердің құқықтарын қорғауды денсаулық сақтау органдары, ұйымдары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

Медициналық көмек алу кезінде пациент тағайындалған дәрілік зат туралы толық ақпарат алуға құқылы.

Некеге тұратын азаматтардың медициналық және медициналық-генетикалық зерттеп-қаралуға құқығы бар.

III. ПАЦИЕНТТЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ

92-бап. (ҚР Денсаулық сақтау жүйесі және денсаулық туралы Кодексі. 2009 жылғы қыркүйек (29.10.2015 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен)

 

Пациент осы Кодекстің 90-бабында көрсетілген міндеттерден басқа:

1) өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға міндетті;

2) медицина қызметкерлерімен қатынаста сыйластық пен әдептілік танытуға;

3) диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті барлық ақпаратты дәрігерге хабарлауға, медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға міндетті;

4) медициналық ұйымның ішкі тәртіп қағидаларын сақтауға және мүлкіне ұқыпты қарауға, медициналық көмек алу кезінде медицина персоналымен ынтымақтасуға;

5) диагностикалау және емдеу процесінде, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар не оларға күдік туындаған жағдайларда өз денсаулығы жай-күйінің өзгеруі туралы медицина қызметкерлерін уақтылы хабардар етуге міндетті;

6) басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын әрекеттер жасамауға;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті;

Осы тармақ ҚР 06.04.15 № 299-V Заңына сәйкес 8-тармақшамен толықтырылды

8) медициналық ұйыммен жасалған шартқа сәйкес амбулаториялық деңгейде медициналық және дәрілік көмек алу кезінде тағайындалған барлық нұсқамаларды орындауға міндетті.

Осы баптың 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көрсетілген пациенттердің міндеттері науқас балаға стационарда күтім жасауды тікелей жүзеге асыратын ата-аналарға немесе өзге де адамдарға қолданылады.

  1. МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТЕН БАС ТАРТУ ҚҰҚЫҒЫ

93-бап. (ҚР Денсаулық сақтау жүйесі және денсаулық туралы Кодексі. 2009 жылғы қыркүйек (29.10.2015 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен)

 

Осы Кодекстің 94-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, пациенттің немесе оның заңды өкілінің медициналық көмектен бас тартуға құқығы бар.

Пациентке немесе оның заңды өкіліне медициналық көмектен бас тартқан кезде оған қолжетімді нысанда ықтимал салдарлар түсіндірілуі тиіс.

Медициналық көмектен бас тарту ықтимал салдарларды көрсете отырып, медициналық құжаттарға жазбамен ресімделеді және оған пациент не оның заңды өкілі, сондай-ақ медицина қызметкері қол қояды.

Пациент не оның заңды өкілі медициналық көмектен бас тартуға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бұл туралы медициналық құжаттамада тиісті жазба жүзеге асырылады және оған медицина қызметкері қол қояды.

Кәмелетке толмаған адамның не әрекетке қабілетсіз адамның заңды өкілдері аталған адамдардың өмірін сақтап қалу үшін қажетті медициналық көмектен бас тартқан кезде медициналық ұйым олардың мүдделерін қорғау үшін қорғаншы және қамқоршы органға және (немесе) сотқа жүгінуге құқылы.

  1. АЗАМАТТАРДЫҢ КЕЛІСІМІНСІЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ

94-бап. (ҚР Денсаулық сақтау жүйесі және денсаулық туралы Кодексі. 2009 жылғы қыркүйек (29.10.2015 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен)

 

Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсету мынадай тұлғаларға  қатысты жол беріледі:

1) өз еркін білдіруге мүмкіндік бермейтін есеңгіреген, масаң күйде жүрген адамдарды;

2) айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардан зардап шегетіндерге;

3)психикасының ауыр бұзылуынан (ауруынан) зардап шегетіндерге;

4) психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші және қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамдарға беріледі.

Кәмелетке толмағандарға және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтарға қатысты медициналық көмек көрсетуге келісімді олардың заңды өкілдері береді. Заңды өкілдері болмаған кезде медициналық көмек көрсету туралы шешімді консилиум қабылдайды, ал консилиум жинау мүмкін болмаған кезде - медициналық ұйымның лауазымды адамдары мен заңды өкілдерін кейіннен хабардар ете отырып, тікелей медицина қызметкері қабылдайды.

Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсету осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер жойылғанға дейін жалғасады.

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІ

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 58-бабына сәйкес Қалалық ревматологиялық орталықта пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі ұйымдастырылған.

Егер СІЗ медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты ПРОБЛЕМАЛАРҒА ТАП БОЛСАҢЫЗ, Пациенттерді қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Қызмет сарапшылары Сіздің өтінішіңізге жедел жауап береді және медициналық көмек көрсету Ережелеріне сәйкес мәселені шешуге көмектеседі.

Сенім телефондары: 8 (727) 233-19-23 (17.00-ге дейін) 7 (708)983-29-15 (тәулік бойы)

Сондай-ақ, Сіз кез келген мәселемен сенім телефоны арқылы немесе пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметіне хабарласа аласыз, өтініш жазып, біздің сайтқа www.rewmacentr.kz немесе Facebook әлеуметтік желісіндегі «Қалалық ревматологиялық орталық» бетіне жібере аласыз.

Біздің клиникада медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға көмектесетін өтініштеріңіз, түсініктемелеріңіз бен тілектеріңіз үшін Сізге алғысымызды білдіреміз.

Сондай-ақ, сіз Бірыңғай медициналық call-орталыққа 3000-103 нөмірі бойынша қоңырау шалып, Алматы қаласының тәулік бойы жұмыс істейтін пациенттерді қолдау орталығының қызметтерін пайдалана аласыз! Қоңырау шалу тегін!

Запись на прием





    [recaptcha]

    ×