Консультативтік диагностикалық бөлім
Ревматологтар қабылдауы:
08:00 - 17:00
Демалыс күндері:
сенбі және жексенбі
Регистратура телефондары:
+7 (727) 233 18 12
+7 708 211 61 80
Консультативтік-диагностика бөлімі (КДБ) – қалалық ревматология орталығының негізгі әрі маңызды бөлімдерінің бірі. КДБ – тұрғындарға жоғарғы кәсіби мамандандырылған диагностикалық, консультативтік және емдік жәрдем береді. Консультативтік-диагностика бөлімінің негізгі міндеттері:
- КДБ жоғарғы санаттағы дәрігерлерінің амбулаторлы емделушілерді консультативтік қабылдауы;
- Кешенді диагностикалық зерттеулерді жүргізу;
- Амбулаторлық жағдайда емделушілердің кешенді диагностикалық тексерілуін қадағалау және стационарда емделуге дайындау;
- Тиімді дәрі-дәрмек емін қолдану, оның амбулаторлық жағдайда және стационарды алмастыратын емдеу жағдайында қаншалықты пайдасын тигізіп жатқанын қадағалау және реттеу
Ақылы медициналық қызметтерді көрсету тәртібі:
- Ақылы медицина қызметтері тұратын мекен-жайына байланысты емес Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетел азаматтарына көрсетіледі.
- Медицина қызметтерінің ақысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.
- Бағалар прейскуранты азаматтарға тіркеу бөлімінде көрнекі ақпарат ретінде жеткізіледі.
Ақылы медициналық көмек алған азаматтарға келесі деректер беріледі:
- Дәрігердің кеңестік қортындынамасы
- Талап етілген жағдайда көрсетілген медициналық қызмет бойынша төлем есебі жайлы ақпарат
Консультативтік-диагностика бөлімі
Қызметкерлердің жалпы саны: 33
Бөлім меңгерушісі -
Қайырғали Шарбану Мақсұтқызы
Жоғарғы санаттағы дәрігер-ревматолог, магистр, жалпы жұмыс өтілі 25 жыл, оның ішінде ревматология саласында 18 жыл. Денсаулықсақтау саласының үздігі. 40-тан астам ғылыми мақаланың авторы. ҚР БҒМ 3 ғылыми грантының қатысушысы.
Дәрігер-ревматологтар:
- Хайдарова Ю. М. — бірінші дәрежелі дәрігер-ревматолог, PhD-докторант, 20 ғылыми мақаланың авторы.
- Садықбекова Ж. Н. — бірінші дәрежелі дәрігер-ревматолог
- Оразбаева И. А. — екінші дәрежелі дәрігер-ревматолог
- Аханова А. З. — күндізгі стационардың дәрігер-ревматологы
- Сұлтанбаева А. О. – екінші дәрежелі дәрігер-ревматолог, ревматология саласы бойынша 8 мақаланың авторы
- Асабаева Г. — жоғарғы санаттағы дәрігер-терапевт
- Илюшина А. А. – функционалист дәрігер
- Токарев А. Г. – функционалист дәрігер , 6 ғылыми мақаланың авторы, ҚР БҒМ ғылыми грантының қатысушысы
- Махмараева А. М. - функционалист дәрігер
Апта сайын алдын-ала жазылу бойынша диагностика жағынан күрделі емделушілерді Асфандияров атындағы ҚазҰМУ №1 жалпы дәрігерлік практика кафедрасының профессоры Ғабдулина Гүлжан Хамзенична және ҚазҰУ доценті, медицины PhD докторы Тримова Г. Ш. қабылдайды.
Медбикелердің жалпы саны: 9
Бөлімнің бас медбикесі: Жанабылова Ш. Ж. Жұмыс өтілі 20 жылдан астам.
Күндізгі стационар
Күндізгі стационар дәрігері - Аханова Айдын Зейнуллақызы
Күндізгі стационар 10 орынға арналған, Алматы қаласы мен республика жұртшылығына тегін медициналық көмектің кепілдік көлемінің (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету (МСАК) маманының немесе профильдік маманның жолдамасы негізінде медициналық көмек көрсетеді. Күндізгі стационарда тегін емдеу бекітілген стандарттар бойынша тегін дәрі-дәрмектерді қолдана 3-8 күн бойы жүргізіледі.
Медбикелердің жалпы саны: 12
Бөлімнің бас медбикесі: Жанабылова Ш. Ж. Жұмыс өтілі 20 жылдан астам.
Жұмыс кестесі: 8.00 – 17.00
Оған қоса келесі зерттеулер жүргізіледі (прейскурантқа сәйкес ақылы және МӘМС пен ТМККК негізінде):
- Электрокардиография;
- Барлық буындардың УДЗ;
- Бүйрек және іш-құрылысы органдарының УДЗ;
- Кіші жамбас органдарының УДЗ;
- Преуральды қуыс УДЗ;
- Аяқ-қол тамырларының УДЗ;
- Жұмсақ тіндер УДЗ;
- Қалқанша безінің УДЗ;
- Кеуде органдарының рентгенографиясы;
- Буындар рентгенографиясы;
- Остеоденситометрия;
- Буын ішіне екпе салу.
Консультативтік-диагностика бөлімнің (КДБ) қызметкерлері біліктілігін арттыру мақсатында халықаралық конференцияларға қатысып отырады:
- 71-ші Халықарылқ ревматологтар конгресі. Нидерланды, Амстердам. 2018 ж. маусым. Құлымбетова Б. А., Қайырғали Ш. М.
- В.А. Насонова атындағы Ревматология институтының 60 жылдығына арналған IV Еуразиялық ревматологтар конгресі. 26-28 қыркүйек, 2018 ж., Мәскеу. Моминова Г. Н., Қайырғали Ш. М.
- 72-ші Халықарылқ ревматологтар конгресі. Испания, Мадрид. 2019 ж. маусым. Құлымбетова Б. А.
- БҒМ «Қызыл жегі жүйелі шығатын пациентің профильдік мінездемесін белгілеу және жекешеленген терапия қолдану бойынша ұлттық регистрді дайцындау» екіжылдық жобасы. Қайырғали Ш.М., Құлымбетова Б.А., 2018 - 2020 жж.
- «Ревматологияның терапевтік аспектері» В.А. Насонова атындағы Ревматология ҒЗИ, Мәскеу қ. 2016 ж. Құлымбетова Б. А.
- «терапевт тәжірибесіндегі ревматология құпиялары» 21-22 наурыз 2019 ж. Мәскеу қ. Дәрігерлер: Садықбекова Ж.Н., Ағадилова Г. Б.