Орталық тарихы

Алматы қаласының ревматология орталығы шаруашылық жүргізу құқығы бар Мемлекеттік коммуналды кәсіпорны Алматы қаласының әкімінің  қаулысына сәйкес 12.05.2008 ж. №2/269 бұйрығымен құрылып, 2008 жылдың  1-ші шілдесінде жұмыс істей бастады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, 2001 жылдың 23-і қаңтарының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2011 жылдың 1 наурызының «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің  2013 жылғы 23 қазанындағы қаулысы негізінде Қалалық ревматология орталығы Алматы қаласының Денсаулықсақтау басқармасының ШЖҚ негізіндегі МКК «Қалалық ревматология орталығы»  болып өзгерді.

Орталық қызметі Қазақстан Республикасындағы денсаулықсақтау саласындағы аккредитациялау стандарттары талаптарына сәйкес жүзеге асырылады, оған негіз 2017 жылы 3 жылға берілген аккредитация куәлігі.

ДСДО мәліметтеріне сәйкес 2016  жылы Қазақстан Республикасының стационарлар рейтингісінде Қалалық ревматология орталығы 7 орынға ие болды.

Запись на прием





    [recaptcha]

    ×