Директордың блогы

Құрметті келушілер!

 

Сіздерді Қалалық ревматология орталығының сайтында қошеметпен қарсы аламын!

2008 жылдан бастап Қалалық ревматология орталығы тұрғындарға ревматологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу бойынша қызмет көрсетуде.

Біз уақыт талабына сай болуға ұмтыламыз. Дәрігерлеріміз әрдайым санаттарын жоғарылатып, халықаралық кәсіби симпозиумдардың, конгресстердің жұмыстарына қатысуда.

Қарттар үйі, Әлеуметтік үй сияқты және емханалардағы әлеуметтік осал топтарға кеңес беру жұмысын жолға қойғанбыз. Оған қоса әлеуметтік желілер арқылы, оның ішінде Facebook және Instagram алаңдарында онлайн-кеңес береміз.

Біздің орталық кепілдемелі ақысыз медициналық көмек көлемі аясында халыққа ақысыз қызметтер көрсетеді. Орталықтың диагностикалық бөлімі заманауи диагностикалық, лабораториялық, УДЗ, рентген құрылғыларымен және физиокабинетпен жабдықталған.

Орталықта жыл бойы жұмыс істейтін Артрит мектебі ашылған, ол  дәнекер тін жүйелік ауруларына шалдыққандарға кәсіби және психологиялық қолдау көрсетеді.

Қазіргі медицина жаңа технологиялардың ұлан-ғайыр мүмкіндіктеріне ие, олар дәрігерге дер кезінде жүгінген жағдайда сырқаттан толығымен емделу мүмкіндіктерін береді.

Мен емделушінің сенімі мен талпынысына дәрігердің тәжірибесі мен білімі қосылса, аурумен күресте өте жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болатынына сенімдімін.

Біз – Қазақстан халқы болашағымызға үмітпен қарап, үлкен белестерге ұмтылуымыз керек. Еліміздің гүлденуіне, жетістіктерге жетуіне үлес қосып, жаңа мақсаттарға талпыну үшін әрқайсымыздың деніміз сау болуы абзал!

 

Ізгі ниетпен,

Медицина ғылымдарының кандидаты,

Іскерлік әкімшілендіру магистрі,

ҚР Денсаулықсақтау үздігі, Орталық директоры                                                                                                                               Күлембаева Анаркүл Бәкірқызы

    Запись на прием





      [recaptcha]

      ×